Алматының орталық алаңында интернет байланысы нашарлады

1218

Алматыда Республика алаңында интернет жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды  inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

Алматының орталық алаңында интернет байланысы нашарлады

Әлеуметтік желілерде таратылған бейнероликтерде Сәтпаев, Назарбаев және Желтоқсан көшелерінің бойын полиция қоршағаны көрінеді. Автокөліктер де, жаяу жүргіншілер де жіберілмейді.

Қала тұрғындары мұндай шараларды сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсы стихиялық митингілер өткен Маңғыстау облысындағы наразылықтармен байланыстырады.

Жексенбіде Жаңаөзен қаласында (Маңғыстау облысы) автокөлік иелері 1 қаңтардан бастап литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілген сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етіп, митингке шықты. Осындай митингілер бүкіл өңірде, соның ішінде облыс орталығы Ақтауда да өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық орындылығын ескере отырып, құқықтық тұрғыда шұғыл қарастыруды" тапсырды.

Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу жөніндегі шаралар пакетін іске асыруға уәде берді.
Маңғыстау облысының ЖМҚС меншік иелері бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаны хабарланды, ал ЖМҚС меншік иелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағалық сөз байласу бар-жоғына тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу