Алматының жаяу патрульдеріне электросамокаттар берілмек

761

Мегаполисте жаяу патрульдер санын көбейтіп, оларға электросамокат беру жоспарланып отыр. 

Алматының жаяу патрульдеріне электросамокаттар берілмек

Патрульдер қаланың орталық көшелерінде ғана емес, сонымен қатар, тұрғын үйлердің аулаларындағы жедел жағдайды бақылайды. 

"Жаяу патрульдер санының көбеюі қаланың барлық аудандарында қылмыстың төмендеуіне әсер етті. Бір ғана мысал, Жұлдыз-1, 2 шағын ауданында. Лаврентьев – Наманган – Ахметова – Закарпатья көшелеріндегі Түрксіб ауданындағы №94 патрульдік аймақта 2019 жылы 93 қылмыс тіркелді. 2020 жылы мұнда қоғамдық тәртіпті қорғауға қосымша бір автокөлік және үш жаяу патруль бөлінген, сонымен қатар, модульдік пост бар. Автокөлік патрулінің бұл аймақты айналып өту уақыты 50 минуттан 30 минутқа дейін қысқарды", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Нәтижесінде, модульдік пост пен патруль жұмысының арқасында бұл аймақтағы құқық бұзушылықтардың саны 31%-ға төмендеген. Ал қылмыстардың ашылуы 54%-ға дейін жақсарды, оның ішінде бірден ашылған қылмыстар артты. 

"Сондай-ақ, ол патрульдерді электрсамокаттармен жабдықтау жоспарланған. Бұған қоса орталық көшелерде көлік кептелісі жағдайында қылмыс немесе жол-көлік оқиғасы болған жерге уақтылы жету туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселені шешу үшін біз патрульдік полицияны мотоқұралдармен жабдықтауды ұсынамыз", – деді Қанат Таймерденов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу