Алты өңірде өндірістік жарақат саны артқан

1017

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев өндірістік жарақаттар қай салаларда жиі кездесетініне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Алты өңірде өндірістік жарақат саны артқан

"Тоғыз айдың қорытындысын шығардық: өндірістерде жарақаттану деңгейі 0,15 пайыз төмендеп отыр. Осы аралықта кәсіпорындарда 1 062 адам зардап шеккен. Өкінішке қарай, оның ішінде 140 адам қаза тапты. Әрбір жазатайым оқиға бойынша еңбек инспекторлары тергеп-тексеру жүргізеді. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады", – деді комитет басшысы. 

"Салалар бөлінісінде қарайтын болсақ, зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кәсіпорындарында  – 19 пайыз. Сонымен бірге құрылыс саласында 11,3 пайыз, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында да осындай оқиғалар жиі болып тұрады", – деді Ербол Нұрғалиев. 

Биылғы жылдың тоғыз айында алты өңірде өндірістік жарақаттар айтарлықтай жиілеген. 

"Өңірлердің өнеркәсіптік сипатын ескере отырып қарасақ, жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген. Бірқатар өңірде, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, өндірістік жарақаттардың өсуі байқалып отыр. Ақтөбе облысында 54 адамнан 91 адамға дейін, Атырау облысында 21-ден 38 адамға дейін, Қызылорда облысында 32-ден 53 адамға дейін, Нұр-Сұлтан қаласында 32-ден 43 адамға дейін жеткен", – деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу