Алты жасар ұлын көлік тізгініне отырғызған алматылыққа жаза тағайындалды

989

Полиция департаменті жолдағы қауіпсіздік шараланын сақтауды  сұрады. 

Алты жасар ұлын көлік тізгініне отырғызған алматылыққа жаза тағайындалды

Алты жасар ұлын көлік тізгініне отырғызған алматылыққа жаза тағайындалды. Аталған факт туралы полицейлер әлеуметтік желіде тараған бейне жазбалардан білген. 

"Бастапқыда әкесі баласының көлік жүргізіп келе жатқан бейне жазбасын желіге жүктеген. Артынша бұл жазбалар танымал аккаунттарда жарияланған. Баланың көлікті оқыту полигонында жүргізді десекте бұл бірінші кезекте оның өзіне үлкен қатер төндіреді. Әкесі мұны түсінуі керек еді. Ш. есімді азамат аталған құқық бұзушылықпен келісті және баласын қайта темір тұлпар тізгініне отырғызбайтынын уәде етті. Осы орайда барлық көлік иелерін жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", – деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков. 

Баланың әкесіне қатысты әкімшілік кодекстің 612-бабы, 5-бөлімі (көлік тізгінін жүргізу куәлігі жоқ адамға беру) бойынша жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу