Алтын кен орындарының негізгі қоры қай өңірлерде шоғырланған

7654

Бүгінде елде 4 мыңнан аса кен орны жұмыс істеп тұр.

Алтын кен орындарының негізгі қоры қай өңірлерде шоғырланған

Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев алтын кен орындарының негізгі қоры қай өңірлерде орналасқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Басшының айтуынша, Қазақстанда пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында 8 711 кен орны бар.

"Оның ішінде көмірсутектер бойынша – 317, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 910, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 3 160 және 4 324 жерасты суларының кен орны", – деді төраға ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Талғат Сатиев алтын кен орындарының негізгі қорына тоқталды.

"Алтын кен орындарының негізгі қоры – Шығыс Қазақстан облысында, бұл жалпы қордың – 36%, Ақмола облысында – 21%, Қарағанды облысында – 11%. Мыс қорының 82% елдің шығыс және орталық өңірлерінде шоғырланған. Қорғасын-мырыш кен орындарының Орталық Қазақстанда –41%, Шығыс Қазақстанда – 33%, Оңтүстік Қазақстанда – 21% ", – деді басшы.

Ол мұнайдың баланстық қоры (А+В+С1+С2 санаттары бойынша) – 4,4 млрд тонна, газдың – 2,1 трлн м3, конденсат – 416,2 млн тонна екенін атап өтті.

"Олардың басым бөлігі Атырау облысында – 75%, Маңғыстау облысында – 11% шоғырланған. Көмірсутек шикізаты қорының 68%: 3 ірі кен орнының үлесінде: Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ", – деді Талғат Сатиев.

Төрағаның айтуынша, жалпы пайдалы қазбалар қорларын есепке алу 103 компонент бойынша жүргізіледі, оның ішінде көмірсутекті шикізат бойынша – 7, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 61, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 32, жер асты сулары бойынша – 3. Олардың ішінде алтын, мыс, қорғасын, мырышқа басымдық беріледі.

"Елдің минералдық-шикізат кешені Тәуелсіздік жылдарында нарық талаптарына толық бейімделген. 4000-нан аса кен орны жер қойнауын пайдалануға берілген, бүгінде ол мемлекетке пайда әкеліп, халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу