Араб инвесторының келуімен елорда әуежайы қалай өзгереді? – министр жауабы

296

Әуежайдағы терминалдың өткізу қабілетін 8 миллионнан 14 миллион жолаушыға дейін ұлғайту мақсаты тұр. 

Араб инвесторының келуімен елорда әуежайы қалай өзгереді? – министр жауабы Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында елорда әуежайының шетелдік инвесторға өтуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің дерегінше, шетелдік компанияның алдына бірнеше міндет қойылып отыр.

"Ең бірінші өзгеріс – алдағы жылы наурыз айынан бастап ұшу-қону жолағына толық реконструкциялау басталады. Екіншіден, екінші ұшу-қону жолағын тағы салынатын болады немесе қазіргі біріншісінің ұзындығы ұзартылады. Бұл бізге келетін әуе компанияларының санын да ұлғайтады. Үшіншіден, терминалдың өткізу қабілетін 8 миллионнан 14 миллионға дейін ұлғайтатын боламыз. Ал төртінші мәселе Cargo Hub құратын міндеттеме қойып отырмыз. Ірі жүк тасымалдайтын компаниялар тарта отырып, елордада үлкен бір хаб компания құру мәселесі тұр. Бесіншісі – қызметті көрсету деңгейін арттыру, яғни сервис саласына әлемдегі ірі брендтерді тарта отырып, қызмет көрсету стандарттарын жоғарылатамыз", - деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Ведомство басшысының жауабын тыңдаған Премьер-Министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағын салған жөн екенін жеткізді.

Айта кету керек, осыған дейін Астана әуежайы БАӘ компаниясының басқаруына берілетінін жазған болатынбыз. Көлік министрі Марат Қарабаев елорда әуежайының БАӘ-ден Terminals Holding басшылығына өтуіне қатысты түсініктеме берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу