Арманнан мақсатқа дейін: Шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік субсидияның рөлі

257

Субсидиялар дамудың кілті ме, әлде кәсіпкерлер үшін тұзақ па? 

Арманнан мақсатқа дейін: Шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік субсидияның рөлі Фото: freepik

Мемлекеттік қолдау қазіргі экономикадағы шағын және орта бизнестің өсуін қалай ынталандыратынын немесе шектейтінін біліңіз. Гүлсая Алтайқызы, бизнесті сәтті жүргізудің құпияларын ашады.

Гүлсая, сіз мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімі департаменті директоры болып 2018 жылдан бері жұмыс істейсіз. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес үшін қандай несие түрлері бар, айтып өтсеңіз.

- Жеке кәсіпорындар немесе заңды тұлғалар болып табылатын кез келген шағын немесе орта кәсіпорындар екінші деңгейдегі банктерден, сондай-ақ Бәйтерек холдингінің тобына жататын қаржы институттарынын несие ала алады. Бұл қарыз алушыға ставка 7% - дан басталатын бастапқы бағдарламалар, сала түрі осы бағдарлама іске асырылатын аудан шеңберінде реттеледі. Лизингтік компаниялар арқылы жүзеге асырылатын басқа да жеңілдікті бағдарламалар бар. Кәсіпкерлер лизингке, қандай да бір жабдықты сатып алуға арналған қаржылық көмекке жүгіне алады. Яғни, бұл тек несие ғана емес, сонымен қатар лизинг болуы мүмкін.

Қарапайым тілмен айтқанда субсидия дегеніміз не?

- Бұл жыл сайын республикалық бюджеттен ақша бөлінетін мемлекеттік бағдарлама. Яғни, кәсіпкер банктік нарықтық мөлшерлемесімен несие және мақұлдау алу үшін екінші деңгейдегі банкке жүгінеді. Содан кейін ол "Даму" қорына келіп, кешенді мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия алады. Кәсіпкер банктен несие алу арқылы мөлшерлемені 7% - дан жоғары төмендете алу мүмкіндігіне ие. Егер жоба қалада/ауылда/моноқалада/шағын  қалаларда бірінші бағыт шеңберінде іске асырылса, ең төменгі мөлшерлеме 7% -ды құрайды. Ал қалаларда ставка 8%-ға тең есептеледі. Бірақ тағы да қайталаймын, бұл бағдарламаның жағдайына , бағытына байланысты қалыптасады.

Несиені қандай бизнес түрін дамыту үшін береді?

- Субсидиялау үшін неғұрлым жеңілдікті жағдайлар өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін жасалады. Мысалы, егер жоба өңдеу өнеркәсібінде іске асырылса, онда бес жыл бойы 8% жүйе бойынша субсидиялауға болады. Біріншіден, кәсіпкер Банкке жүгінеді, содан соң несие мақұлдау құжатының оң шешіммен қорға келеді. Бірыңғай жүйе барлық жиырма өңірлік филиалдар арқылы кәсіпкерлердің өтінімдерін өңдейді. Субсидияларға бюджет қаражаты болған кезде жобалар бес күн ішінде қаралады. Айта кетерлі жайт, Банктің несие бойынша оң шешімі субсидияны автоматты түрде мақұлдауды білдіреді. Бизнес үшін қолайлы жағдайлар Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жасалады, алайда жыл сайынғы проблема ол - субсидияларға қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады. Банктер нарықтық мөлшерлемелермен несие беруді жөн көреді,себебі субсидиялар банк үшін тәуекелдердің ықтималдылығын азайтады және оларды толықтай жабады. Қарызды өтеу кезінде кәсіпкер алдымен өз үлесін төлейді, содан кейін субсидия автоматты түрде шоттан есептеленеді. Бұл кәсіпкерлерге төмен пайыздар (7% немесе 8%) төлеуден бастауға, ал қалған бөлігін кесте бойынша өтеуге мүмкіндік береді. Алайда, егер бюджетте жеткілікті қаражат болмаса, жаңа жобаларды қарау мүмкін емес. Өйткені субсидиялар бойынша қабылданған міндеттемелер жыл сайын артып келеді. Бюджеттегі қаражаттың жетіспеушілігі жаңа бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін нақтылауды және қосымша қаражат сұрауды талап етеді.

Несиені қайтару кезінде қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда шағын және орта бизнес үшін қандай қолдау стратегиялары немесе бағдарламалары бар?

- Кәсіпкер өзінің қаржылық жағдайын растайтын құжаттарды ұсыну арқылы банктен кейінге қалдыруды сұрай алады. Сондай-ақ, қарызды өтеудің жеке кестесі құрыла алады. Бұл банк пен кәсіпкер арасындағы қарым-қатынасқа, осы қатынастардың қаншалықты құрылғанына байланысты болады. Мұндағы басты фактор-сенім.

Банктің несие беру туралы шешіміне қандай факторлар әсер етеді?

- Біріншіден, мерзімі өткен берешек 90 күннен асқан жағдайда. Екіншіден, салықтар бойынша қарыздың болуы. Үшіншіден, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігі және қарыз алушының несиелік тарихымен тығыз байланысты.

Қаржыландыру банктік несиелерден басқа,  қандай қосымша баламалы көздері болуы мүмкін?

- Кәсіпкер банктік несиелерден басқа, шағын және орта бизнес қаржыландыру үшін әртүрлі балама көздеріне жүгіне алады. Бұған жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) және Атамекен ҰКП және ЕҚДБ сияқты ұйымдар беретін гранттар кіреді. Гранттар әлеуметтік кәсіпорындарға немесе халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталады. Сондай-ақ облыстар мен өңірлер аумағында бизнесті бастау үшін әкімдіктер арқылы тегін консультациялық қызметтер мен инфрақұрылымдық қолдау қолжетімді. Қосымша қаржыландыру көздерін басқа қаржы институттары арқылы табуға болады. Мысалы, лизингтік қызметтерді ұсынатын өнеркәсіпті дамыту қоры немесе лизинг бойынша ауылшаруашылық техникасы, несиелеу және субсидиялар арқылы ауыл шаруашылығын қолдауға мамандандырылған Агрокредиттік корпорация. Министрліктер кәсіпкерлердің шығындарын жабу арқылы қолдау көрсете алады.

Гүлсая, сіздің 12 жылғы тәжербиеңізбен кәсіпкерлерге бірнеше кеңес берсеңіз

- Менің негізгі кеңесім, бірден үлкен ақшаға ұмтылмау. Сонымен қоса, несие сомасы ай сайын қайтарылуы керек екенін есте ұстаған жөн, сондықтан оған дайын болу маңызды.

Екіншіден, тәуекелдерді есептеуді ұмытпаңыз. Салықтарды енгізу кезінде нақты талдау жүргізу және ашықтықты қамтамасыз ету маңызды. Мен үлкен соманы алғысы келетін кәсіпкермен кездесу кезінде, оның бизнес-жоспарының сапасына мән беремін.

Атап өтетін жайт, кәсіпорынның айналымы туралы заттай дәлелдердің болмауына байланысты стартаптар банктерден қаржыландыруды сирек алады. Немесе, банк тек шектеулі сомаларды ғана қарастырады, әсіресе егер кәсіпорын жаңа ғана тіркелген болса. Біртіндеп, сіз Банктің сеніміне ие болған кезде, көбірек қаржыландыруды көздей аласыз, бұл тек уақыттың талабы.

Үшіншіден, не істегіңіз келетінін түсіну өте маңызды. Жеке өзім, адам жан дүниесіне рахат сезімін қондыратын іспен айналысуы керек деп санаймын. Көбінесе табысты іс мысалы - бұл шағын бизнестен шыққан адамдардың істері.

Шартқа қол қойған кезде сіз ай сайынғы қарызды өтеуге міндеттеме аласыз. Қарыз алушы бұл үшін жауап беруі керек, ал мемлекет тек бастапқы кезеңде көмектеседі.

Алайда кәсіпкер субсидия тек 3 жылдан 5 жылға дейін берілетінін түсінуі керек. Содан кейін ол тұрып, өзі баруы жөн, мәңгі субсидиялауға болатын идея - бұл қате сенім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу