Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым саны өсті

689

Өткен жылдың аяғында елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 281 ұйым болды.  

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым саны өсті Фото: vk.com

Ал, 2021 жылы 272 мекеме тіркелген болатын, деп жазады inbusiness.kz. Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

"281 ұйымның ішінде стационарлық үлгідегі 172 ұйым, жартылай стационар – 75, уақытша қабылдайтындар – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірнеше шарттары бар 3 ұйым бар",– делінген хабарламада.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелді (31). Ал, ең азы Ұлытау облысында (3).

Бұл мекемелерде тұратындардың негізгі бөлігі – мүгедектігі бар жандар (24 724 адам немесе 61,3%). 

"245 мекеме мемлекет меншігінде болса, 36-сы жеке меншікте (оның ішінде шетелдік меншікте – 4). Бүгінде республикада қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 48 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Онда 5 756 адам тұрады. 2021 жылы 53 қарттар үйі жұмыс істеді, онда 7 321 адам тұрды",– деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу