"АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшы мерт болды

632

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да 25 жастағы электр слесарь ток соғып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшы мерт болды

"2021 жылғы 6 қыркүйекте 1996 жылғы электр слесарь ЖЭО-ПВС-да токқа түсіп, мерт болды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.

Айта кетейік, биыл наурызда аталған кәсіпорында 2 жұмысшы жарақат алған еді. Осы жағдайдан көп ұзамай жатып-ақ компанияға қарасты шахтада өрт шығып, кеншілердің өміріне қауіп төнген. 

Кәсіпорында қайғылы оқиға жиілеп кетуіне байланысты депутат "АрселорМиттал Теміртауда" тексеріс жүргізуді сұраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу