Арыстанбек Мұхамедиұлының жалақысы 150 мың теңгеге де жетпейді

776

Жақында ғана Қазақстан Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалған мәдениет және спорт министрлігінің экс-басшысы өзінің жалақысы туралы тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.  

Арыстанбек Мұхамедиұлының жалақысы 150 мың теңгеге де жетпейді Фото: әлеуметтік желіден

"Достарым, жалақымның қанша болатыны әлі өзіме де белгісіз болып тұрғанда, ол туралы жалған ақпарат тарап кетті. 3 000 000 теңге көлеміндегі еңбекақы – жалған. Мұндай шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату кімге пайда әкелетінін білмеймін, fake news қолдан жасалғанына күмәнім жоқ. Тым әсіре сілтепті, басқа не айтуға болады",– деп жазды экс-минитр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Арыстанбек Мұхамедиұлы министр кезінде еңбекақысының 980 000 болғанын да жаза кетті.
 
"Өздеріңізге аян, көптен бері мәдениет саласы қызметкерлеріне жоғары жалақы беруін сұрайтынмын. Министр қызметін атқарған бес жыл ішінде осы мәселені бірнеше рет көтердім. Егер осындай ақпарат шындыққа жанасса, әрине қуанар едім, өкінішке қарай, бұл әзірге мүмкін емес", – делінген музей директорының жазбасында.

Оның Ұлттық музей директоры ретінде қолына тиетін еңбекақысының көлемі 139 673 теңге болады екен.

"Бұл қызметтегі менің санатым "А1-1", еңбек өтілім мамыр айын қоса алғанда 31 жыл үш ай болды",– дейді экс-министр.

"Нағыз фейк. Жалған ақпаратта менің айлық жалақым ретінде көрсетілген сома менің еңбекақымды 95 % көбейтіп, мен 12 айда алатын 1 676 076 теңгені екі есеге арттырыпты. Бізде "он үшінші еңбекақы", бонустар жоқ. "Кездейсоқ" миллиондарға қателесіп кетіпті...Мұндай жалған ақпаратқа сенген адамдар табылып, оларға түсінік беруім күлкілі жағдай. Осымен бұл тақырыпты талқылауды доғарайық, ағайын. Мұндай ұсақ-түйекке уақытымды енді кетірмеймін: ақылдылар өздері түсінеді, ақмақтарға түсіндіре алмайсың. Баршаңызға жақсы көңіл-күй үшін рақмет!",– деп аяқтайды фейсбуктегі жазбасын Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу