"AsiaCredit Bank" лицензиясынан айырылды

1490

2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша қаржы ұйымында 23 174 жеке тұлғаның депозиті бар.

"AsiaCredit Bank" лицензиясынан айырылды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  аталған қыржы ұйымын банктік операциялар мен бағалы қағаздар нарығында қызметтін жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 22 қаулысына сәйкес "AsiaCredit Bank" АҚ-ты банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды", – деп жазылған агенттік таратқан хабарламада. 

Мұндай шешімге бактің жүйелі қателіктері және капиталына қосымша ақша құю туралы агенттік талабын орындамауы себеп болған. Лицензиясын алған сәтте банк капиталында 19 млрд теңге жетіспеушілігі анықталған. Ал жалпы портфелінің 70%-ы  қайтарылмаған қарыздардың үлесінде. 12 қаңтардан бастап банк клиенттеріне қызмет көрсету тоқтатылды. Қаржы ұйымында жалпы сомасы 19 млрд теңгені құрайтын 23 174 жеке тұлғаның депозиті бар. 

"Банк салымшыларының 97,7% депозиттері Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры есебінен өтеледі", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу