Әскерден жалтарғандарға қандай жаза қарастырылған?

1202

Жастармен психологтар сөйлеседі. 

Әскерден жалтарғандарға қандай жаза қарастырылған?

2020 жылдан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылар санаттарының тізбесі кеңейтілген. Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаевтың айтуынша оған тек ауыл педагогтары ғана емес, сондай-ақ оқытушылық қызметтің барлық кезеңіндегі қала мұғалімдері, құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде білім алып жатқан адамдар кіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Сонымен қатар спикер Алматыда әскерге барудан әдейі бас тартатындар жоқтың қасы екенін атап өтті. 

"Кейде әскер қатарына шақырылатындар шақыру пункттеріне дер кезінде келмейді, мұндай жағдайда іске учаскелік инспекторлар араласады. Бізде әдейі бас тартатындар жоқ. Қазір жігіттердің барлығы интеллектуалды, әскерге шақырылушылардың орташа жасы 18-23 жас, олар өз міндеттерін орындап, қызмет ету керек екенін түсінеді. Жастар арасында әскерге барудан үрейленетіндер де кездеседі, психологтар олармен сөйлеседі. Әскерден жалтарған жағдайда 1 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған", – деді Амантай Өсербаев. 

Әскери бөлімдерді жасақтау аумақтық та, аумақтан тыс та қағидат бойынша жүзеге асырылады, ол әскерге шақырылушыларды елдің бір өңірінен екінші өңіріне жөнелтуді көздейді. 

Еске сала кетсек, биыл күзде Алматыдан 1500-ден астам жасты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Жалпы бір жылда мегаполистен 2 500-ге жуық адам шақырылады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу