Астана әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды

1591

Астана әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды

Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына. Соңғы уақытта Whats Аpp мессенджері арқылы және әлеуметтік желілердің парақшаларында зейнеткерлерге Жаңа жылға орай тегін сыйлықтар берілетіні туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарату жиілеп кетті. 

Астана қаласының әкімдігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, өйткені елорда әкімдігінің аппараты зейнеткерлерге сыйлықтарды тегін тарату бойынша шаралар өткізуді қарастырып отырған жоқ. Сондай-ақ, жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздер таратқан шынайы ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз, деп мәлім етті Астана әкімінің баспасөз қызметі.

"Сонымен қатар, 1-31 желтоқсан аралығында елордада "Астана - мейірімді қала" жалпықалалық қайырымдылық акциясы өткізіліп жатқанын хабарлаймыз. Оның мақсаты - ҰОС ардагерлері, барлық топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруларға, сал ауруына, туберкулезге шалдыққан балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті топтарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу", – делінген хабарламада.

Қала әкімінің бастамасымен 8 (7172) 55-66-55 көпарналы жедел желі іске қосылды, ол бойынша хабарласып атаулы көмек көрсетуге болады. Саll-орталықтың қоңырауларды қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу