Алматыда елімізде экстремистік ұйым деп танылған Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысының жақтастары митинг өткізу үшін "Астана" алаңына жиналды. Тәртіп сақшылары оларды таратуға тырысты, ал құлақ аса қоймағандарын полицияның арнайы автобусына отырғызуда, кейбірі қарсылық көрсетуде, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Қазір 50-ге жуық адам ұсталған.
Бұған дейін Бас прокуратура рұқсат берілмеген митингілерге қатысқандардың жауапқа тартылатынын ескерткен болатын.
Аталған ұйымның "ұйытқысы" болып жүрген Мұхтар Әбілязов елімізден оффшорлық мемлекеттер арқылы 7,5 млрд доллар жымқырған. Бұл туралы кеше ғана брифинг өткізіп, көпшілікті қоғамға іріткі салып жүрген қылмыскердің арандатушы әрекеттерінен сақ болуға шақырған Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс айтты.