Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

526

Шенеунік кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде.

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді Фото: martebe.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу