"Астана LRT"-ның экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды

1830

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство тергеушілері бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс қозғады.

"Астана LRT"-ның экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды

"Астана LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы компания басшысы Бекмырза Игенбердиев мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство тергеушілері бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс қозғады, қамауға алу туралы өтініш жасалды. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір бұл мәселемен Интерпол айналысып жатыр", – деді Игенбердиев үкіметтегі баспасөз-конференциясында.

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушілері "Астана LRT"-ның бюджеттік қаражатынан 300 млн теңге ақшаның бір мердігер компанияның шотына аударылғанын анықтаған және бұл аударылуға тиіс лимиттен асып кеткен. Бұл оқиға 2014 жылы компания басқармасына Талғат Ардан төрағалық еткен тұста болған.

Еске сала кетсек, 15 шілде күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы пайдасы жоқ ЛРТ-ға бастамашы болғандар бақылаушы органдарға, ал депутаттар керек емес жоба үшін Қазақстан халықаралық міндеттемені өз мойнына неге алғанына жауап беретінін айтқан болатын.

Жобаның құны 1,5 млрд теңге деп бағаланып отыр, құрылысқа тапсырыс беруші елорда билігімен бақыланатын "Астана LRT".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу