Астана мен Алматы қалаларында қант диабеті туралы мәліметтер берілетін арнайы автобустар жүре бастады, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА ҚР диабеттік ағарту қорына сілтеме жасап.
"14 қарашада Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күніне орай Алматы мен Астанада еріктілер мінген арнайы автобустар іске қосылды. Олар апта ішінде аталмыш қалалардағы кәсіпорындарда болып, қант диабеті, оның 2-түрінің алдын алу туралы мәліметтер береді. Сондай-ақ қандағы қант деңгейін анықтау үшін қызметкерлерді скринингтен өткізетін болады. "Назар аударыңыздар: Диабет жаныңызда!" жобасының еріктілері 3 мыңнан астам қызметкер еңбек ететін ондаған кәсіпорынға баруды жоспарлауда. Қазақстанда 277 мыңнан астам адам қант диабеті диагнозымен өмір сүруде. Бұл үдеріс арту үстінде.