Астана процесінде Сирия халқының конгресін өткізу ұсынылды

826

Астана процесінде Сирия халқының конгресін өткізу ұсынылды

Астана процесінде кепіл мемлекеттің бірі - Ресей Сирия халқының конгресін өткізуді ұсынды. Әзірге тараптар екіжақты кездесумен ғана шектелген. Регламентке сәйкес, бүгінгі жиынның екінші күнінде Башар Асад әскерінің тұтқындағы оппозиция өкілдерін босатуы жөнінде келісімі қаралады деп жоспарланған. Дегенмен, Сирия үкіметі мен қарулы ұйымдары "оқ атуды тоқтату туралы алғашқы келісімді бұзды" деп бір-бірін әлі де айыптауын доғарар емес.

Пленарлық отырыста халықаралық терроризммен күрес және тұтқындарды босату мен қаза тапқандардың денесін кері қайтару мәселесі шешілуі тиіс. Миналанған аумақты қауіпсіздендіру жөнінде де уағдаластық жасалады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, Сирия дағдарысын реттеу бойынша Астана процесі осымен 7 рет өткізіліп отыр. Бұл жолы оппозицияны Ахмад Берри бастай келген. Сондай-ақ, жиынға кепіл мемлекеттер - Ресей, Түркия, Иран және бақылаушы ретінде міндеттелген - Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ, Иордания өкілдері қатысып жатыр.

Александр Лавреньтев, Ресей президентінің Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі:

"Екі жақты келіссөздер ғана өтіп, тараптардың талаптарын тыңдадық. Енді оны ортақ талқыға саламыз. Ал Ресей Сирия халқының конгресін өткізуді ұсынып отыр. Соғысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған жиын қарашада Мәскеуде өтуі мүмкін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу