Астанада 2 күнде 200-ден аса көлік апаты тіркелді

Жауаптылар жаяу жүргіншілерге де ескерту жасады.

Астанада 2 күнде 200-ден аса көлік апаты тіркелді Фото: gov.kz

Қалада қар қалың түскендіктен, коммуналдық қызмет те дамыл таппауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен демалыс күндерде Астана қаласында 200-ден аса көлік оқиғасы болған. Астана қаласы ПД Жол полициясы қызметі бөлімдерінің бастығы Ержан Әділбеков көлік тізгіндегендерден арақашықтықты сақтауды сұрайды. 

– Өткен демалыста елорда жолдарында 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы орайда, жүргізушілерге барынша мұқият және сақ болуды, белгіленген жылдамдықты сақтап, қауіпсіз арақашықтықты сақтау керегін ескертеміз. Қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне және қоғамдық көлік аялдамасына жақындағанда жылдамдықты алдын ала азайтуды, сондай-ақ кенеттен маневр жасамауды ұсынамыз, - деді ол. 

Тәртіп сақшысы өз кезегінде жаяу жүргіншілер де ескерту жасады. Оның айтуынша, жолды өту кезінде барлық көліктің тоқтағанына толық көз жеткізу керек. Өйткені, көлік апатына жаяу жүргіншілер де себеп болуы мүмкін. 

Еске салайық, елімізде күн райының күрт құбылуы барлық салаға өз зиянын тигізіп жатыр. Синоптиктердің 12-14 қарашаға болжамын бұған дейін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу