Астанада АИТВ-ның алдын алуға арналған жылжымалы сенім қосыны пайда болды

1159

Астанада АИТВ-ның алдын алуға арналған жылжымалы сенім қосыны пайда болды

Астаналық денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында медициналық нысандардың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне даярлығын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық ЖИТС орталығына заманауи жылжымалы сенім пунктін сатып алды.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш жылжымалы сенім пункті Mercedes Sprinter автокөлігі базасында арнайы тапсырыс бойынша жиналған және барлық заманауи және қауіпсіздік талаптарына сәйкестелген. Автокөліктің жұмыс орындары эргономикалық көрсеткіштерге, қауіпті топ өкілдерімен жұмыс істеу кезінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қауіпін сейілту ерекшеліктеріне сай жабдықталған. Автокөлік құрылымы екі маманның бір мезгілде қабылдау жүргізуіне және АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ, жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықпен, бактерицидтік шаммен жабдықталған, қол жууға мүмкіндік қарастырылған, қысқы уақытта ауаны жылытатын, ал жазғы кезеңде ауаны салқындататын жүйемен жабдықталған, салонның ішкі беттері оңай залалсыздандырылады.

Заманауи жылжымалы сенім пункті АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары қауіпті топтар – инъекциялық есірткі тұтынушылары арасында алдын алу шараларының тиімділігін және орталық қызметіне қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді. Әр адам мұнда шприцтер, мүшеқаптар және ақпараттық білім материалдарын алуына болады, мамандар әрбір келушіге АИТВ-ның алдын алу шараларын және жұқтыру қаупін азайту туралы жеке кеңестер, уақытында АИТВ-ға тестіден өту маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері орталықтың профилактикалық  көмегімен 3095 инъекциялық есірткі тұтынушысы қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу