Елордалық лаңкестікпен күрес жедел штабының оқу-жаттығу шараларына арнайы қызмет өкілдері де атсалысуда. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.
"Бекітілген кестеге сәйкес, Астанадағы Жангелдин және Әуезов көшелерінің қиылысында лаңкестікпен күрес жедел штабының бастапқы ден қою күштері жаттығу сабағын өткізеді. Жаттығу аясында жергілікті полиция қызметінің тергеу-жедел тобы, автопатруль және АЖДЖ бөлімшелерінің іс-әрекеті пысықталады", - деді Астана ІІД баспасөз қызметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу