ASTRA Plat электронды жүйесінің екінші кезеңі іске қосылды. Көліктік карталар арқылы қаланың Express маршруттарында жолақысын төлеу ыңғайлы бола түсті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған және ішкі бизнес дамудың алғы шарты болып табылатын ASTRA Plat жүйесі Астананың ақылды көлік жүйесінің жаңа бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, аталмыш жоба 2-3 жыл көлемінде толықтай іске асады. Бүгінгі таңда Астанада 35 автобус тәжірибелі түрде заманауи технологиямен жабдықталып, қазан айының ортасынан бастап, 4 Express-бағдарға енгізілді. Атап айтқанда: № 101, 102, 103 және 105. Әр автобуста электронды төлемдер қабылдайтын валидаторлар орнатылған.
ASTRA Plat электронды жүйесінің жұмысын бақылап көру үшін жолаушылар, ASTRA Plat карталарын сатып алулары қажет.