Астанада көмір сататын 14 орын белгіленді

582

Елордада жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр.

Астанада көмір сататын 14 орын белгіленді

Астанада 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 өткізуші компания өз қызметін жүзеге асырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша көмір қоры, бағасы және бар-жоғы туралы ақпараттарды білуге болады.

Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде:

Шұбаркөл-тоннасына 13 800 тг;

Қаражыра-тоннасына 14 500 тг;

Майкөбе-тоннасына 12 700 тг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу