Астанада қылқан жапырақты ағаштар сатылатын орындар бекітілді

1267

Астанада қылқан жапырақты ағаштар сатылатын орындар бекітілді

Елордада Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды кесу, әзірлеу, тасымалдау және сату әрекеттерінің жолын кесу бойынша рейдтік шаралар өткізілуде, деп жазады astana.gov.kz.

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясының мәлімдеуінше, Астананың айналасындағы жасыл белдеудің аумағында және қаланың аумағында заңсыз ағаш кесу әрекеттерінің жолын кесуге ерекше назар аударылған.

Осы мақсатта табиғат қорғау полициясы қызметкерлерінен, "Астана Орманы" МКК және "Жасыл аймақ" РМК жұмыскерлерінен мобильді топтар жасақталды. "Астана Көгалдандыру" АҚ жұмыскерлерімен бірлесе отырып қала ішінде өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған орындар тексерілуде. ІІД "Рубеж" стационарлық-бақылау бекеттерінде кезекшілік жүргізіледі.

ҚР Қылмыстық кодексінің Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Астанада қылқан жапырақты ағаштарды сату орындары белгіленді. Атап айтқанда, "Сәлем" орталық базары (Тілендиев даңғ., Алаш тас жолы), "Астықжан" СҮ (Бейсекова к-сі), "Алма" СҮ (Республика даңғ.), "Шанхай" әмбебап базары, "Гүлжан"СҮ (Абылай хан даңғ.), "Тұлпар" СҮ (Уәлиханов к-сі), "Астықжан" СҮ (Ақжол к-сі). Барлық сатушыларда РФ-дан шырша және қарағай әкелуге рұқсат беретін құжаттар пакеті бар.

Рейд шаралары 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу