Астанада МЖӘ аясында 8 емхана, хоспис салынады

1098

Астанада МЖӘ аясында 8 емхана, хоспис салынады

Елордалық медицинаның алдында туындап отырған басты мәселе халық санының тұрақты негізде орта есеппен 40 мың адамға өсуі. Бұл туралы Астана қ. қоғамдық кеңесінің отырысында елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов мәлім етті, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Астанада бір миллион халық тұрады, ал қалалық емханалар 500-600 мың адамға есептелген, сол себепті бір жарым есе жүктемені көтеруге мәжбүр.

"Біз бірінші санитарлық медициналық көмек көрсету орталығының (БСМК) екеуін емхана етіп қайта құрдық, бұл  "Шапағат" отбасылық денсаулық орталығы және Ильинка ауылындағы орталық. Қазір оларды қажет құрал-жабдықтармен жабдықтап, кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде орталық емханаларға жүктеме азаятын болады", - деді Е. Байжүнісов.

Сондай-ақ, ол Астанада мемлекеттік жеке меншік әріптестік тетігі бойынша 8 емхана салынып, хоспис ашылатынын, қала бойынша 17 шағым емхананы іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жаңашылдықтардың тағы бірі бірыңғай медициналық картаға, одан кейін геномдық медицинаға көшу.

"Геномдық медицина бала туған кезде оның қандай ауруларға бейім екенін анықтауға көмектеседі. Дәрігерлердің міндеті - адамды қандай да бір аурудан сақтандыру, бұл - 12 ауру, олардың арасында өлімге алып келуі мүмкін аурулар да бар", - деді ол.

Медицина саласындағы барлық жаңашылдықтар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен әзірленген "Астана - денсаулық қаласы" бағдарламасы шеңберінде енгізілуде. Жоба аурулардың алдын алуды қарастырады, және онда халықты салауатты өмір салтына баулуға ерекше назар аударылған. Ерік Байжүнісовтың айтуынша, салауатты өмір салтын ұстану онкологиялық және басқа да ауруларға шалдығу қаупін 20%-ға төмендетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу