Астанада сәрсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху арасында келіссөздер басталды.
Қазір кездесу санаулы құраммен жабық есік жағдайында өтуде, мұнан соң оларға екі елдің делегациясы қосылатын болады.
Бұған дейін Израильдің Қазақстандағы елшісі Михаэль Бродский Биньямин Нетаньяхудың Астанаға сапары аясында қол қойылатын екіжақты бірқатар құжаттардың даярланып жатқанын айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу