Астанада "Тоқта – қылмыс" шарасы барысында 900 гаджет тәркіленді

1029

Полиция қызметкерлері "Астаналық" базарының аумағы мен ондағы пайдаланылған телефон сатылатын бөлімдерде рейд өткізді. 

Астанада "Тоқта – қылмыс" шарасы барысында 900 гаджет тәркіленді

Полиция "Тоқта-қылмыс" атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.      

Жұма күні полиция қызметкерлері "Астаналық" базарының аумағы мен ондағы пайдаланылған телефон сатылатын бөлімдерде рейд өткізді. Іс-шара ұялы телефон ұрлығының жолын кесу және осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында өткізілген.

"Полиция департаментінің жеке құрамынан 70 жедел топ құрылған. Тексеріс 144 бутик пен 75 телефон жөндеу орнында жүргізілді. "Тоқта-қылмыс" ЖПШ-сы барысында құжаты жоқ 900 гаджет пен оған қажет қосымша құрал-саймандар анықталып тәркіленді", – деп мәлімдеді полиция департаментінде.

Бұл ретте полиция қызметкерлері ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен үш азаматты ұстады. Олар бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған екен.

"Олардың қатарында "Huawei" маркалы телефонды ұрлаған 31 жастағы Астана тұрғыны бар. Сондай-ақ, іс-шаралар барысында ұялы телефон ұрлағаны үшін екі күдікті қолға түсіп, УҰО қамалды", – делінген хабарламада.

Астана қаласы полиция департаменті осы азаматтардың ісінен зардап шеккен тұрғындарды Бейбітшілік көшесі,19 мекен-жайына бойынша орналасқа полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-71, 71-62-47, және 102  нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу