Нақтырақ айтқанда, ағза трансплантациясы кезінде донорды тасымалдауға арналған құрылғыны, отаға қажетті өнімдерді шығарады. Жаңа нысан іске қосылса, күрделі операцияларды жасау жеңілдеп, ағза алмастыру ісі ілгерлейді, деп хабарлайды inbsuiness.kz сайты.
Ақпан айында астаналық ақ халаттылар Alem атты құрылғыны қолданысқа қосты. Жаһанда теңдесі жоқ жаңа жабдық донор трансплантациясында ағзаны тасымалдауға 24 сағат сақтауға септеседі. Осылайша, трансплантологияның басты мәселелерінің бірі – ағзалардың сақталу уақытының шектеулігін шешуге көмектеседі. Дәл сол құрылғы Жапонияда өтіп жатқан Экспода көпшілікке таныстырғанын жазған болатынбыз.
- ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) құрылғысы – донорлық органдардың өміршеңдігін 24 сағаттан астам уақыт бойы сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық әзірлеме. Бұл Қазақстан сияқты аумағы үлкен елдер үшін аса маңызды дүние. Себебі трансплантология саласындағы басты мәселелердің бірі – ағзаларды дер кезінде жеткізу. Дәстүрлі әдіспен орган небәрі 4-6 сағат сақталса, ALEM технологиясы ағзадағы жағдайға барынша тиімді орта жасап, қажетті температураны сақтап, қанды оттегімен қанықтырып, өмірлік маңызды көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді, - дейді кардиохирург Юрий Пя.