Астанада жылдың үздік еріктілері анықталды

1182

Астанада жылдың үздік еріктілері анықталды

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінгі таңда ерікті болу шығармашыл және белсенді болып қана қоймай, сонымен қатар лайықты адам болу екенін атап өтіп, 2016 жылдың үздік еріктілерін марапаттады, деп жазады strategy2050.kz.

Тұңғыш Президент кітапханасында "Ерікті-2016" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың басты мақсаты – үздік еріктілер ұйымдары мен жобаларды, сондай-ақ 2016 жылғы ерікті қызметі үшін еріктілердің өздерін іріктеу және марапаттау. Жеңімпаздар еліміздің барлық өңірлерінен үш номинация бойынша 150 өтінімнің ішінен таңдалған болатын. Жалпы сыйлық қоры үш номинацияда 360 000 теңгені құрады. 1-орын үшін – 50 000 теңге, 2-орын үшін – 40 000 теңге, 3-орын үшін – 30 000 теңге.

Байқау комиссиясының шешімімен І орынды – Аружан Құрымбаева, II орынды – Сымбат Рамадинқызы және III орынды Азиза Гүлмұратова жеңіп алды. 

"Біз барлық еріктілерді осы жұмыста жеңімпаздар деп санаймыз. Олардың барлығы шын жүректерімен жұмыс істеді. Әрқайсыларыңыз мақтауға лайық жандарсыздар", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу