Астанада "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды

913

Астанада "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Елордада "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Іс-шара барысында 260 000 астам тұрғын үй мен пәтерлерге тексеріс жүргізілді. Атқарылған жұмыстар аясында ескерту бойынша тіркеуде тұрған 6000-нан аса адам, 3000-нан астам саяжай массиві тексерілді. Сондай-ақ қаңғыбастық және қайыршылықпен айналысып жүрген кәмелетке толмаған 200-ден астам жеткіншек ұсталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша 2000-ға жуық шетел азаматы, шамамен 3700 жалдамалы пәтер тексерілді, салық органдарында тіркеусіз пәтерін жалға беру фактісі бойынша заң ережесін бұзып, жауапкершілікке тартылған 2000-нан астам хаттама салық органына жіберілді.

Жалпы іс-шара барысында түрлі себептермен 16 000 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен 01 желтоқсаны аралығында экстремизм және терроризм көрінісінің алдын алу, әкімшілік учаске аумағына тексеріс жүргізу, құқық бұзушылқтардың алдын алу жұмысын жандандыру, қаладағы қалыпты жағдайды тұрақтандыру мақсатында, сондай-ақ азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас құру мақсатында ұйымдастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу