EXPO көрмесі кезінде Астана іргесінде бой көтерген этноауылға 3 ай ішінде 750 мыңға жуық адам келген, деп хабарлайды 24.kz.
Оның ішінде шетел азаматтары да бар. Онда күнделікті еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар концерттік бағдарламалар қойды. Қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылды. Ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, аламан бәйге өтті. Бұған еліміздің барлық аймағы атсалысып, әр облыс 10 күн бойы мерекелік шаралармен көпшілікті тәнті етті. Ал "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің жабылу салтанатына орай "Ұлы дала әуендері" атты халықаралық фестиваль өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу