Астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге үш бөлмелі пәтер берілді

1192

Астаналық өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.  

Астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге үш бөлмелі пәтер берілді Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының атынан Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді, деп жазады inbusiness.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотекасын өтеуге көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.

16 қараша күні Астанадағы Момышұлы даңғылында 15 қабатты үйде өрт шығып, өрт сөндірушілер өз өмірін қатерге тігіп, бес адамды аман алып шығарған болатын.

Өрт сөндірушілердің бірі Асқар Забикулиннің денесін қатты күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Осы өрт кезінде зардап шеккен екінші науқастың жарақаты орта дәрежеде.

Президент жарлығымен Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен, Аян Кемпіров III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу