Астананың коммуналдық қызметтері қар тазалауға жұмылдырылды

933

Астананың коммуналдық қызметтері қар тазалауға жұмылдырылды

Астанада бұрқасын, қар және көктайғақ. Синоптиктер алдағы үш күн бойы қатты жел соғатынын болжап отыр.

Қазгидромет орталығының хабарлауынша, 21 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады. Түнде және таңертең бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал сынап бағанасы түнде -13...-15°С дейін төмендейді.

22 желтоқсанда да осындай ауа райы сақталады, күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -22...-24°С, күндіз -12...-14°С.

23 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -31...-33°С, күндіз -21...-23°С.

Осы уақытта елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өткен тәулікте, 20-21 желтоқсанда қала бойынша 2 093 арнайы техника жұмыс істеді. Қаланы қар мен мұздан санитарлық тазартуға 2 524 жол жұмыскері тартылды. 634 т. м құм-тұз қоспасы, 29,5 тонна "Айсмелт" реагенті себілді. 42 980 т. м қар жиналды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің күшеюіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты халықаралық тасжолдар мен республикалық маңыздағы магистральдарда енгізілген шектеу сақталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу