Астықтың аз болуы ішкі нарыққа әсер етпейді – Сапархан Омаров

940

"Бізде былтырғыдан қалған астық бар", – деді министр.

Астықтың аз болуы ішкі нарыққа әсер етпейді –  Сапархан Омаров Фото: primeminister.kz

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, нан бағасы тұрақты болып қалады, бағаның айтарлықтай ауытқу жағдайлары күтілмейді.

"Жыл басында мен нан бағасының өсуін тежеу туралы айттым. Азық-түлік корпорациясы арзандатылған астықты наубайханаларға 100-ден 150 мың тоннаға дейін сатады. Біз 100 мың тонна астық саттық. Содан бері нан бағасы тұрақты",– деді Сапархан Омаров үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрі ауа-райы жағдайларына байланысты биыл 1-1,5 тоннаға аз өнім жинау болжалғанын атап өтті. Бұл жағдай ішкі нарыққа әсер етпейді.

"Егер біз 19 млн тонна астық жинасақ, оның 9 миллионы ішкі нарықта қалады, біз 7-8 миллион тоннасын экспорттаймыз, 2 миллион тонна астық қалады. Сонымен қатар, бізде былтырғыдан қалған астық бар. Оның көлемі – 1,5 миллион тоннаны құрайды. Жалпы, бізде ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін астық жеткілікті", – деді министр.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" сатып алатын 1 миллион тонна астықтың ішінде нан өндірушілер үшін 150 мың тонна көлемінде, құс фабрикалары үшін 100 мың тонна көлемінде қор бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу