Ата-анасымен шетелге көшіп кеткен балаларға Ұлттық қордан ақша аударыла ма?

503

Егер бала Қазақстан азаматы болса, онда нысаналы талаптар есептеліп отырады.

Ата-анасымен шетелге көшіп кеткен балаларға Ұлттық қордан ақша аударыла ма? Фото: Pixabay.com

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысудың ең негізгі талабы –  Қазақстан азаматтығының болуы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұнда ең маңыздысы олардың азаматтығын ауыстырды ма, жоқ па деген мәселе. Егер Қазақстан азаматы болса, онда нысаналы талаптар есептеліп отырады", - деді "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов.

Тілшілер "Бала шетелде дүниеге келді, бірақ 3-4 жаста Қазақстанға қоныс аударды дейік. Мұндай жағдайда Ұлттық қордан төлем қай уақыттан бастап түсетін болады? Жиналған қаржыны шетелдік университетте оқуға жұмсауға бола ма?" деп сұрады. 

"Егер бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде өмірге келетін болса және онда Қазақстан азаматтығы болса, ол дүниеге келген сәттен бастап қаржы аударылатын болады. Егер де бала басқа мемлекеттің аумағында дүниеге келсе, бірақ азаматтықты тек Қазақстанға келген кезден бастап қана алса, қаражат оның азаматтықты алған кезінен бастап жіберіледі. Осы тұста бағдарламаға қатысудың ең негізгі талабы Қазақстан азаматтығының болуы екенін атап өту керек", - деп түсіндірді Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов.

Сөзінше, кәмелетке толған қазақстандықтар жиналған қаржыны ел ішіндегі немесе шетелдегі университеттерде білім алуға да жұмсай алады.

Еске салайық, осыған дейін 2024 жылы Ұлттық қордан балаларға екінші мәрте ақша түспейтінін жазған болатынбыз. Бұдан басқа бала қайтыс болса, қаражатты кім пайдалана алатынына да тоқталдық. Тоғыз күннің ішінде 18 жасқа толған қазақстандықтардан 100-ден астам өтініш келіп түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу