Атбасарда сұлы қауызын өндіретін зауыт салынады

3029

Жобаның құны құрылыс-монтаждау жұмыстарын есепке алмағанда 1 миллиард теңгені құрап отыр

Атбасарда сұлы қауызын өндіретін зауыт салынады

Ақмола облысының Атбасар ауданында экологиялық таза сұлы қауызын өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы "Заречный" ЖШС басшысы Уәлихан Әріпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаны Атбасар ауданының Покровка ауылында "Заречный" ЖШС холдингіне кіретін "Баха-Söhne" ЖШС қолға алмақ.

"Жобаның құны құрылыс-монтаждау жұмыстарын есепке алмағанда 1 миллиард теңгені құрап отыр. Барлық дақылдарды терең өңдейтін мұндай зауытты швейцарияның Bühler компаниясы жасайды. Біз өнім ретінде сұлыны таңдап отырмыз. Бүгінгі күні нарықта сұлыға деген сұраныс жоғары.  Сонымен бірге, сұлы біздің өңірде жақсы өседі. Қазіргі кезде, дүкендердегі сұлы қауызы ресейден жеткізіледі. Ал, біз шығаратын сұлы қауызы жоғары сапалы және экологиялық таза болады",  дейді Уәлихан Әріпов.

"Заречный" ЖШС басшысының айтуынша, кәсіпорынның құрылтайшысы және бас директоры оның кіші ұлы  – Аманжол Әріпов. Алдағы уақытта сұлы қауызын өндіретін зауыт ғана емес, жем-азық алаңын салу жоспарда бар. Бұл өз кезегінде қалдықсыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

"Сұлыны терең өңдеу технологиясы арқылы 1 тонна өнімнен 40 пайыз қалдық алынады. Бұдан бөлек, біз 1000 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын ашамыз. Бастапқы кезде 400 бас ірі қараға жоспарлап отырмыз. Егер жылына 10 мың тонна сұлы өңдесек, онда бізде 4 мың тонна қалдық қалады. Біз мұны мал бордақылағанда қолданатын боламыз. Покровка ауылымен іргелес Борисовка және Полтавка ауылдары орналасқан. Бұл ауылдардың әрбіреуінде 1000-нан астам адам бар. Тұрғындардан жас төл сатып алып, оны бордақылайтын боламыз. Кейін онда симментал және ангус сиырларын өсіру жоспарда бар. Ол үшін бізге мал азығын жасап алу қажет",  дейді Уәлиха Әріпов. Қазіргі заманға сай жабдықталған зауытта барлық жұмыстар компьютерл

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу