Атырау облысында ас тұзын өндіретін зауыт іске қосылмақ

1157

Қазіргі күні ол 95 пайызға дайын тұр.

Атырау облысында ас тұзын өндіретін зауыт іске қосылмақ

Өндіріс орны Индер ауданында ашылмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста аудан басшысы М.Қалауи мәлімдеді.

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидың мәлімдеуінше, "қазіргі таңда құрал-жабдықтарды сатып алу жұмыстары мен мамандарды оқыту жүргізілуде. Аталған зауытта жергілікті 60 жұмысшы еңбек ететін болады. Зауыттың қуаттылығы сағатына 25 тонна ас тұзын өндіретін мүмкіндігі бар". 

Сондай-ақ, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Әбдуахит Әбішевтің мәлімдеуінше, биылғы жылы 3 жоба іске қосылған. Олар: әр қайсысы 40 жұмыс орынды "BEST MODULE" ЖШС-ның метал өңдеу зауыты, Доктор Хаус ЖШС-нің "Медициналық бетперделер өндірісі" және Құрманғазы ауданынан "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.   
Оған қоса, басқарма басшысының баяндауынша, өңдеу өнеркәсiбiнде қаңтар-қараша айларында өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 481,8 млрд теңге сомасын құраса, өңдеуші өнеркәсіптің экспорт көлемі 2020 жылғы қаңтар-тамыз  айларында 758,9 млн АҚШ долларына жеткен. Ал, өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі қаңтар-қараша айларында 185,0 млрд теңгені құрап, 350,9% өссе, өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында 1 адамға 31,5 мың АҚШ долларын құрап, нақты көлем индексі – 106,3% артқан.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу