Атырау облысында шалғайдағы шағын кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

1027

Атырау облысында шалғайдағы шағын кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

Атырау облысының Жылыой ауданындағы шағын және орта кәсіп өкілдерінің ондаған миллион теңгесі үнемделетін болды, деп жазады 24Хабар.

Мәселен, бүгінге дейін жергілікті кәсіпкерлер көгілдір отынды тұтынбастан бұрын монополист компанияға алдын-ала қаржы аударатын болған. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен газ тасымалдаушы компания арасындағы меморандум енді мұндай талапқа шектеу қойды. Соның арқасында енді шағын кәсіп иелері жеке тұлғалар секілді тұтынған газға тиесілі ақшасын айдың соңында төлейді. Бұл ауылдағы кәсіпкерлерге тәп-тәуір жеңілдік болғалы тұр.

"Қазірдің өзінде 7,5 мың кәсіпкер аудан бойынша тіркелген болса, соның 5,5 мыңы шағын кәсіпкерлер. Шағын кәсіпкерлер орташа есеппен әрбір кәсіпкер 10 мың теңгеден төлейтін болған жағдайда орта есеппен біздер айына 55 миллион теңгедей үнемдейді екенбіз. Бұл кәсіпкерлер үшін өте тиімді, пайдалы деп айтуға болады", – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы жылыой аудандық филиалының директоры Ерболат Төлендиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу