Атырау ЖИТС орталығында – жаңа құрылғы

831

 Адам ағзасында COVID-19 инфекциясының бар-жоғын бес сағатта анықтайтын заманауи құрылғыны жергілікті мұнай компанияларының бірі сыйға тартқан. 

Атырау ЖИТС орталығында – жаңа құрылғы

Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес орталығы короновирусқа қарсы жаңа құрылғыға қол жеткізді. Адам ағзасында COVID-19 инфекциясының бар-жоғын бес сағатта анықтайтын заманауи құрылғыны жергілікті мұнай компанияларының бірі сыйға тартқан. Аппарат Оңтүстік Кореяда жасалған. Ол реактивтерге байланысты мыңдаған вирусты анықтай алады және күніне отыздан астам сынаманың қорытындысын шығаруға қабілетті. Жұқпалы ауруларды таратпаудың алдын алуда құрылғының беретін көмегі өте зор деп есептеліп отыр. Қазір онымен жұмыс жасайтын мамандар арнайы оқытылуда.

"ЖИТС орталығы – Атырау облысы бойынша түрлі вирустарды тексеретін мекемелердің бірі. ПЦР аппаратының бізге берілуін сонымен де түсіндіруге болады. Бізде сараптама орталығы жұмыс жасайды. Бұл құрылғы тек мекеменің қажетіне жарамайды, оны аймақ тұрғындары да пайдаланып, игілігін көре алады", – дейді Атырау облыстық ЖИТС орталығының директоры Байтолла Ғазизов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу