Атырауда армян көліктерін тексеретін зертхана ашылды

552

Онда көлік рөлдерін талапқа сәйкес ауыстырып береді. 

Атырауда армян көліктерін тексеретін зертхана ашылды

Атырауда "Ұлттық сараптама және сертификация орталығы" АҚ филиалы ашылды. Онда Армениядан келген көліктерді тіркеу үшін тексеруден өткізіп, қажет жағдайда рөлдерін ауыстырып береді.   

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиевтің сөзіне сүйенсек, Атырау облысына 7 мыңға жуық армян көлігі әкелінген, оның 2263-інде рөлі оң жағына орналасқан. Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан автомашиналар тіркелмейтіндіктен, армениялық көліктердің көпшілігін бұған дейін қайта жасап шыққан. Алайда ауыстырылған рөлдер техникалық талаптарға сәйкес келмейді, сол себепті көше қозғалысында қауіп туғызуы мүмкін. Бұл қызмет филиалда 25 мың теңге тұрады. 

"Ұлттық сараптама және сертификация орталығы" АҚ филиалдары осы уақытқа дейін Алматы, Қостанай, Орал қалаларында ашылған болатын. Көршілес Орал қаласына қатынауға мәжбүр болған атыраулық көлік иелері жаңалыққа қуанып қалды. Атырау филиалы енді Ақтауда да өздерінің мобильді пунктін ашпақ. 

"Біздің зертханамыз күніне 20-25 көлікті сынақтан өткізе алады. Егер клиенттер көп болып үлгере алмай жатсақ, қызметкерлеріміз демалыс күндері де  жұмыс істеуге дайын", - дейді филиал басшысы Нұрлан Орынбаев. 

Өкінішке қарай, тұрғындардың көпшілігі соңғы мезетте ғана көлігін тексеруден өткізуге ұмтылатыны байқалады. Осыған дейін ҚР ішкі істер министрлігі армян көліктерін тіркеу 1 қыркүйекте аяқталатынын ескерткен кезде жолындағыны тапап кетуге шақ қалған жүргізушілер қазір жайбарақат. Өйткені, бұл мерзім наурыз айына дейін созылған. Осы аталған мерзімнен кейін армян көліктері тіркелмейді және онсыз пайдалануға тыйым салынады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу