Атырауда ит серуендетудің ережесін бұзған 15 адам жауапқа тартылды

638

Атырау қаласында жыл басынан бері 15 азамат иттерді ұстау және серуендету қағидаларын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Биғамбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырауда ит серуендетудің ережесін бұзған 15 адам жауапқа тартылды

Мысалы,  өткен аптада Атырау қаласының тұрғыны сауда орталықтардың бірінде итін тұмылдырықсыз серуендетіп, тұрғындардың наразылықтарын ескермеген. Осы аулада әкімшілік аумағында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері құқықбұзушыны дереу байқап, ​ит иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабының 1-бөлігі (Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдiмекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Аталған азаматқа сот шешімімен үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салыныпты.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері азаматтарды төрт аяқты достарын иттерді еркін серуендетуге арналған алаңдардан немесе жаттықтыру алаңдарынан басқа жерлерде мойын жіпсіз және тұмылдырықсыз серуендетуге тыйым салынатынын ескертеді. Мас күйіндегі адамдарға итті қоғамдық орындарда серуендетуге болмайды. Құтыруға қарсы міндетті вакцинациялаудан өтпеген иттерді балалар ойнайтын алаңдарда, мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, емдеу мекемелері аумағында серуендетуге тыйым салынады. Сондай-ақ, адамдар көп шоғырланатын демалу орындарында, сауда орталықтарда иттерді серуендетуге болмайтынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу