Аралас жекпе-жектен Атырау қаласында NFC Naizа Fighting Championship турнирі өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.
29 ақпан күні Атырау қаласында аралас жекпе-жектен халықаралық NFC 23 турнирі болады. Қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары өзге елдің үздік спортшыларына қарсы кездесу өткізеді.
Атап айтар болсақ Жұман Жұмабеков, Еркін Дәрменов сынды мықты спортшылар жекпе-жек өткізеді. Кештің басты жекпе-жегінде қос бірдей белбеу сарапқа салынып, отандасымыз Данияр Қойшыбек (61,2 келі) пен Исатай Теміров (77 келі) әлем чемпионы атағына таласады.
Айта кетейік, Naizа Fighting Championship қазіргі таңда аралас жекпе-жектен еліміздегі үздік тұжырымдардың бірі болып саналады.