Атыраудағы отбасының өлімі: Күдікті полицияға қылмысты қалай жасағанын көрсетті

"Бүтін бір отбасы мүшелерін өлтірді" деген күдікке іліккен Сұлтан Сәрсемалиев Атырау облысы, Жангелдин ауылына барды.

Атыраудағы отбасының өлімі: Күдікті полицияға қылмысты қалай жасағанын көрсетті Фото: polisia.kz

Ол тергеушілерге қылмысты қалай жасағанын көрсетіп, сұрағына жауап берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Болжам бойынша, Сұлтан Сәрсемалиев ата-енесін өлтіріп, ауладағы сарайдан тереңдігі 1,5 метр шұңқыр қазып, денелерді үсті-үстіне жатқызған. Кейіннен мәйіттерді көміп, үстіне диванды орналастырған. 

Ішкі істер министрлігі жариялаған видеодан марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің қалада жалдап тұрған үйінің іргесінен қазған шұңқырды көрсеткенін байқау қиын емес. Күдікті бұрынғы әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаны сол жерге көмген. Бұл туралы ол Алматы қаласында берген жауабында айтқан еді.

Айта кетейік, Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияда қолға түсті. Олардан марқұмдардың жеке куәліктері мен банк карталары тәркіленді. 

Қазір Сұлтан Сәрсемалиев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кінәсін толық мойындап отыр. Ал оның бұрынғы әйелі, 5 баланың анасы Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығына жатқызылды.

Бұған дейін Атырау облысындағы әуелі жаппай жоғалып, кейін бәрі өлі табылған отбасы мүшелеріне қатысты қылмыстың басты себебі айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу