Атырауға жылжымалы зертхана келді

459

Ол көлікте орналасқан және кез келген жерге бара алады.            

Атырауға жылжымалы зертхана келді

Атырау облыстық обаға қарсы күрес стансасына жылжымалы зертхана келді. Онда бір тәулікте 500 адам ПТР сынамасын тапсыра алады. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы негізінде дайындалатын мұндай зертхана бұған дейін Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарына берілген екен.

"Жүк көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі автозертхананы аудандарға да апаруға болады. Өйткені бұл КамАЗ көлігі соңғы үлгідегі "Еуро-5" класына жатады және құмды, тау-тасты, жолсыз жерлермен жүре береді. Жылжымалы зертханалар алыс елді мекенде, далалық жерлерде аса қауіпті инфекцияларға, дербес және инфекциялық ауру ошағында медициналық мекеме жанындағы іссапарға жіберілген сараптама орны ретінде жұмыс істей алады. ПТР зертханасы, бактериологиялық, серологиялық, иммуноферменттік талдау жүргізу жиынтығы және көлік ішінде желдету, қорғаныш құралдары санитарлық талаптарды сақтай отырып жабдықталған. Дәрігерлер мен зертхана қызметкерлерінің қауіпсіз жұмысы үшін барынша жағдай жасалған", – дейді жылжымалы зертхана көлігінің кілтін тапсыруға арнайы келген М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Зият Әбдел.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу