"Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері"

842

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

"Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері"

Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысына облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқанына алаңдаушылығын білдірді.

"Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері. Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент медицина қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

"Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн",– деді.

Осы отырыста ТЖ мен карантин режимін сәуірдің соңына дейін ұзартуға шешім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу