Тараптар Қазақстан мен Аустрияға болған сапарлар туралы пікір алмасып, алдағы екіжақты және көпжақты сипаттағы іс-шаралар жоспарларымен бөлісті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Дипломаттар тараптардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға деген өзара ынталарын атап өтті.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Елшіге қазақстан-аустриялық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту ісіндегі белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.
Елші қазақстан-аустриялық екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша берік және сенімді қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.