"Ауыл" партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттарының құжаттарын ҚР Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп жазады inbusiness.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Мәжіліс сайлауына бір мандатты округтер бойынша түсетін 9 үміткер ұсынылды. Олардың бәрі – өте мықты және беделді кандидат. Топ басында 2019 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қатысып, бақ сынаған Төлеутай Рақымбеков тұр. Экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Сатайұлының өндірісте де, басшылық лауазымда да үлкен, мол жұмыс тәжірибесі бар. Бүгінде ол "Ауыл" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Төлеутай Рақымбеков өз құжаттарын Астана қаласының № 2 сайлау округіне тапсырды.
Қалған 8 үміткер де өте мықты, бұқараға айтары бар беделді адамдар. Бәрі нақты сектордан, негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінен шыққан. Экономикада өздерінің нақты орындары бар жандар.
Партияның облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына кандидаттар бір мандатпен және партиялық тізім бойынша тіркелді.