"Ауыл" партиясының кезектен тыс съезі өтеді

485

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.  

"Ауыл" партиясының кезектен тыс съезі өтеді Фото: turkystan.kz

4 ақпан күні "Ауыл" партиясының кезектен тыс съезі өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл шешім партия Президиумының 23 қаңтардағы отырысында қабылданған. Съезде партияның Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауына қатысу мәселелері қарастырылатын болады", - делінген хабарламада.

Оған республика аймақтарынан 100-ден аса делегат қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін AMANAT партиясы, "Байтақ" партиясы және ЖСПД өкілдері кезектен тыс съез өткізетіндерін мәлімдеген болатын. 

Ал, 30 қаңтарда Қазақстан Халық партиясы кезектен тыс съез өткізіп, сайлауға қатысатын үміткерлердің тізімін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу