Ауыл шаруашылығы министрі мектепке барды

1208

Бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Нұр-сұлтан қаласындағы № 72 мектептің республикалық экологиялық сағатына қатысты.

Ауыл шаруашылығы министрі мектепке барды

Іс-шара Дүниежүзілік тіршілік ету жерлерін қорғау күніне арналды, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылық министрінің баспасөз қызметі.

"Қымбатты оқушылар! Бүгін мен табиғатқа ұқыпты қарау туралы айтқым келеді. Адам өміріндегі табиғаттың рөлі маңызды, онсыз біздің өміріміз мүмкін емес! Табиғатты қорғау-шектеулерді білмейтін іс. Бүгінгі экологиялық сағат, барлығымыз үшін қоршаған ортаның жай-күйі үшін өзінің жеке жауапкершілігі туралы ойлануға, күн сайын табиғат байлықтарын сақтау үшін еңбек етіп жүргендердің, сондай-ақ өз бастамасы бойынша маңызды және қажетті істерді жасағандардың еңбегін еске алуға себеп болатынына сенімдімін. Сіздер де қоршаған ортаға, ортақ үйге ұқыпты қарау процесіне белсенді қатысатындықтарыңызға  сенімдімін, біз үшін Табиғатты қорғау – Отанымызды қорғау дегенді білдіреді. Тек біздің күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның және бүкіл әлемнің табиғи байлықтарын сақтай аламыз", – деді министр.

Министр оқушыларды, ата-аналар мен педагогтарды ресурстарды тиімді пайдалануға көшуге және жел, су және күн энергиясын пайдалануды бастауға шақырды!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу