Ауыл шаруашылығы министрлігі: Нан қымбаттауы мүмкін

1963

Мұндай болжамды аймақ өкілдерімен шұғыл жиналыс өткізген ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі: Нан қымбаттауы мүмкін

Ас атасының құны қанша пайызға өсетіні әзірге  белгісіз. Қымбаттаудың басты себебі жаңадан жиналған дәнді дақылдың бағасының өсуі. Анықталғандай үшінші кластағы бидайдың тоннасы 70 мың теңгеден саудаланатын болады. Былтыр аталмыш санаттағы бидай 48-58 мыңнан сатылған. Онымен қоса биыл ауа райының қолайсыздығынан  егін аз жиналады. Әзірге диқандар егіс алқабының 70 пайызын орып үлгерген. Алдағы екі аптада ору жұмыстары аяқталып, нақты көлемі анықталуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу